Италияда ресейлік бойжеткеннің мүрдесі салынған чемодан табылды

Италияның Римини портында чемоданнан 27 жастағы ресейлік бойжеткеннің мүрдесі табылды.

291054

Чемодан 25 наурыз күні Адриат теңізінен алынған. Саусақ іздері көрсеткендей, қаза тапқан қыз Ресей азаматшасы болып шықты. Ол бірнеше жыл бойы Италияда тұрып келген. Полицейлер оның денесінен зорлықпен адам өлтірудің және суға тұншығып өлудің белгілерін таппады. Олар әйелдің мүрдесінде қылмыстық іздердің жоқтығын, оның өліміне өмір сүру жағдайы әсер етіп, ағзасының әлсіреуі себепкер болуы мүмкін деп болжауда.

Италиялық құқық қорғаушылар біреу денеден құтылғысы келіп, оны теңізге чемоданға салып лақтырғанын тағы бір нұсқа ретінде қарастыруда. Римини прокуратурасы тергеу жүргізуде. Соңғы айларда әйелдің бірнеше рет “анорексия” диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды. Ол көз жұмған уақытта 35 келі болғандығы хабарлануда.

Жіберіп алмаңыз:

70 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты екі жақта жатып бір сәтте көз жұмды

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Мехико метросында ер адамның жыныс мүшесі бейнеленген орындықтар қойылды (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр