Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады

Италияда егер мектеп оқушылары мұғалімдерді қорласа, айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды.

Жыл басынан бері мектеп мұғалімдеріне қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көтерілгендіктен италиялық мектеп директорлары қауымдастығы бұл заңды қолдаған. Деректерге сүйенсек, бұған дейін көптеген жағдайда мұғалімдерге медициналық көмек қажет болған.



"Мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қалпына келтіреді. Адамдарға және қоғамдық игіліктерге құрмет көрсетеді және мұғалімдердің беделін қайтарады", - деді Білім министрі Джузеппе Вальдитара.

Талқылау