Италия жылдың соңына дейін шекара жабық болады деген ақпаратты жоққа шығарды

Италияның Мәскеудегі елшілігінің өкілдері коронавирус пандемиясына байланысты мемлекеттің шекарасы жылдың соңына дейін жабық болады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус в Италии

Бұл туралы ТАСС порталында айтылған. 

Елшілік өкілдерінің сөздерінше, бұған дейін мұндай бастама ешқашан көтерілмеген және шекараны жабу туралы ешкім айтпаған. Еске салайық, кейін кездері көптеген БАҚ-та туристер үшін Италия жылдың соңына дейін жабық болады деген ақпарат тарлған болатын. Осыған байланысты Италия елшілігі осындай мәлімдеме жасап отыр. 

Әңгіменің түп-төркіні 25 сәір күні Италияның туризм және мәдениет министрі Дарио Франческинидің жергілікті басылымдардың біріне берген сұқбатынан шыққан. Министр қазіргі таңда шекараны ашу туралы жоспар жоқ екенін айтып, десек те кейбір туристік аймақтардың жұмысын қайта жаңғырту туралы ұсыныстар түсіп жатқанын жеткізіпті. 

Өз кезегінде Италия елге келетін туристер ағымын қайта қалпына келтіру туралы жоспарлап отырғанын айтады. Алайда инфекцияның таралуына байланысты әзірге бұл мүмкін болмай жатқан көрінеді. Сол себепті ел билігі коронавирус ахуалын тезірек шешу туралы бірқатар шаралар іске асыруда екен. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр