Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IT саласындағы мамандар ғылыми дәрежесі болмаса да жоғары оқу орындарында сабақ бере алады

IT саласындағы саласының білікті мамандары жоғары оқу орындарында 2020 жылдың қыркүйегінен бастап сабақ бере алады, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұрын мұғалімдерден жоғарғы оқу орнында сабақ беру үшін ғылыми дәреже талап етілетін. Алайда ағымдағы жылдың қыркүйегінен ережелер мен талаптар өзгертілмек. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі мәлім етті. 

"Қыркүйектен бастап біз өзгертулер енгіземіз, енді біз штаттан тыс мамандарды тартамыз, IT-саласының білікті мамандар ғылыми дәрежесіз сабақ бере алады", - деді білім министрі Асхат Аймағамбетов сейсенбіде үкімет отырысында.

Қазақстанда 83 жоғары оқу орны ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мамандар даярлайды, 50 мыңнан астам студенттер оқиды.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы жұмыстың перспективалық бағыттарын атады

Бұған дейін білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов елде мұғалімдерді қайта даярлаудың жаңа жүйесі енгізіліп, мамандыққа «кіру» қарастырылғанын айтты. Қайта даярлаудан кейін жоғары педагогикалық емес білімі бар адамдар педагогикалық қызметті жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, Қазақстанда цифрлық білім берудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. 

"IT-құзіреттілігі бар кадрларды оқыту ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтардың цифрландыруға дағдыларын бейімдеу, сандық сауаттылықты арттыру маңызды. Барлық қазақстандықтар цифрлық платформаларда жұмыс істеп, электронды қызмет ала алады. Сол себепті жаңа цифрлық білім жобасы іске қосылды", - деді Мамин.

Талқылау