ІТ-мамандар даярлаудың кешенді жоспарын әзірлеу тапсырылды
Президент цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды тапсырды.
Осыған орай Шымкент қаласының әкімі өзінің орынбасарларына білім беру ұйымдарындағы STEM кабинеттерінің тиімді жұмыс істеуін қадағалауды, ІТ-мамандар даярлаудың қалалық кешенді жоспарын әзірлеуді жүктеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілуін шешу мақсатында геопортал жүйесін бекітілген мерзімде іске қосуды тапсырды. Нәтижесінде жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, инженерлік желілер салалары бойынша жүйелі ақпараттық деректер қалыптастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылатын болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”