Ит 11 жасар қожайынын педофилден құтқарып қалды
Ленинград облысының Сясьстрой қаласында ит 11 жасар қожайынына тап беріп, оны орманға сүйреп әкетпекші болған ер адамды қуып жетіп шабуыл жасады, деп жазады Stan.kz.
Оқиға сәрсенбі, 22 тамызда болды. Қыз итін (питбуль) көшеде серуендетіп жүргенде оған бейтаныс адам келіп аяғынан ұстап алып, орманға сүйреп әкеткен. Қызға тап берген ер адам бұнымен қоймай оны жолда таяқпен ұрған.
Баланың анасы полиция қызметкерлеріне қызының қалай аман қалғанын баяндап берді. Оның айтынша, ит тұмылдырығын кеміріп иесін ұрлап кеткен шабуылдаушыға қарай жүгіріп, оған тап берген. Ал, иттен қалай құтыларын білмеген ер адам қызды тастай сала, қаша жөнелген.
Полицейлер енді қызға шабуыл жасаған ер адамды іздестіріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”