Ыстықтан бағдаршам балқып кеткен: Сарыағаштағы мәселеге қатысты әкімдік пікір білдірді
Сарағашта ыстықтан балқып кеткен бағдаршамға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews басылымына сілтеме жасап.
Сарағаш қаласындағы бағдаршам күннің ыстығанан ерімегені белгілі болды. Бұл туралы Түкістан облысы, Сарағаш аудандық әкімдік желіде тараған бейнежазбаға байланысты айтып берді.
Біраз бұрын желіде бағдаршамның күннің ыстығынан балқып кеткені туралы ақпарат тараған. Видеоның авторы жолда кетіп бара жатып, қалада 55 градус ыстық екенін, тіпті бағдаршамдардың балқып жатқанын хабарлаған.
Сарағаш аудандық әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, бұл деректерді жоққа шығарды. Олардың айтуынша бағдаршам жол апатына байланысты істен шыққан екен.
"Екі күн бұрын Республикалық А-15 тасжолындағы бағдаршамды жүк көлігі талқандаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, хаттама толтырып, бағдаршамды қалпына келтіруге қажетті қаражат өнідіріліп, қазіргі таңда жаңасын орнатып жатырмыз", - дейді Сарағаш аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Дүйсенбаев.
Синоптиктердің болжамы бойынша Сарағашта 19-20 шілдеде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілмек. Қазгидрометтің айтуынша еліміздің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстікте күннің ыстығынан бағдаршамдар балқып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
