Ыстықкөлде қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Ыстықкөлдің жағасында орналасқан Шоқ-Тал ауылында қазақстандық туристер мінген жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 тамызда кешке көліктің жүргізушісі жеңіл көлікті басып озбақ болып, көлікті басқара алмай қалды. Соның салдарынан автобус Lexus жеңіл көлігімен соқтығысып, арыққа құлады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, медициналық орталықтарға ешкім жүгінген жоқ.
Жолаушылардың бәрі басқа автобусқа ауыстырылды. Автобусты Қырғызстан азаматы басқарған. Барлық жолаушылар - Ыстықкөлден қайтқан туристер.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”