Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстықкөл жағажайында жергілікті тұрғындар туристерге демалуға рұқсат бермеген (видео)

Ішкі және сырттан келген туристер Ыстықкөл жағажайынан қуылып, оларға демалуға рұқсат берілмеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ыстықкөл жағажайына демалуға келген туристерге жергілікті тұрғындар келіп дереу жағадан кетуін ескерткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. 

"Тамақ пісіріп те үлгермедім. Өйткені жергілікті тұрғындар келіп, біздің қашан және қайда демалатынымызды өздері шешетінін айтты. Сондықтан бізді жағажайдан қуып жіберді. Біз олармен дауласқымыз келмеді, бірақ бұл қорлайтын әрекет болды. Олар өте дөрекі. Менің күйеуім және ағаммен төбелеспек болды. Ыстықкөлдіктер жағажайға келгенде, келушілер бішкектік болсын, шетелдік болсын, орнын босатып, кетуі керек дейді. Әттең! Тіпті жылағым келді", – дейді әйел.

Ыстықкөл облысының ішкі істер департаменті аталған факті бойынша ешкім хабарласпағанын айтты.

"Бейнематериал электронды ақпарат журналына тіркелді. Ыстықкөл облыстық ІІД-нің тиісті қызметтеріне видео түсірілген жер мен уақытты анықтау бойынша тапсырмалар берілді. Қосымша ақпаратпен қамтамасыз етеміз", – деді облыстық полиция.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың туристер мен басқа демалушыларға деген көзқарасы туралы жекелеген жағдайлар бойынша қорытынды жасамауға шақырды.

@danil_shuvalov_ Хочется поднять тему где "местные" как они себя называют могут делать что угодно. Если у вас были подобные ситуации и есть доказательства то давайте опубликую и вашу ситуацию, либо пишите в комментариях. #местныебандиты #кыргызстан #иссыккуль #беспредел #закон #репост #рек #рекомендации #fypシ #fyp ♬ оригинальный звук - Danil_Shuvalov_
Талқылау