"Істейтін келін қалмады": Гүлзира Айдарбекова күйеуінің үй тірлігіне араласатынын көрсетті
Фото: Видеодан скриншот
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртастың үй тірлігіне араласатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жолдасын көпке үлгі етті.
“Шынайы өмірден алынған. Шынында бүгін үй шаруасы Нүрекең екеуімізге қалды. Үлгермей жатсам көмектесе кететін әдеті. Артынша бала-шаға келіп, тәтті шай болды. Бұл да болса бір бақыт! Жүрекшелерімізбен”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары үш келіні бола тұра ер адамның үй тірлігіне араласқанын қызу талқылады. “Келіндерін сыйғызбағасын кетіп қалған”, “Үш келіні бола тұра, қайын атасы еден жуып жүр”, “Үлкен келіні Жұлдызбен араласпайды”, “Мұны істейтін келін қалмаған ба?!” – деп жазды көпшілік.
Алайда продюсер оқырман алаңдатқан сауалға жауап берді.
“Бәрін келін істеуге міндетті емес, әзірге қол-аяғымыз сау. Ол да адам баласы күйеуімен анда-мұнда шығады. Үйде болса шайын береді ғой”, – деді Гүлзира Үсенқызы.
Еске салайық, Айдарбековтер әулеті жекеменшік сауда үйін салып жатқанын айтқан еді.

Алматы облысында жасөспірімдер неге зорлықпен қаза табуда: Жаға ұстатқан оқиғалар хроникасы
