Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іспен дәлелдейтін HONOR X9d: Шаңнан да, судан да, тіпті құлаудан да қорықпайтын смартфон

Смартфон тек тапсырма орындап қана қоймай, өмірдегі кез келген жағдайға төтеп бере алса ше? HONOR X9d – дәл сондай сирек кездесетін смартфондардың бірі. Құрылғы құлап кету, соққы тию, басқа да күтпеген жағдайларға дес береді. Биіктен түсіп кетсе де, шаң болса да, су тиіп кетсе де, сол қалпы жылдам істейді.

HONOR X9d корпусы мықты, ал әйнегі берік. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін қуатты ішкі жүйесі күнделікті тапсырмаларды жеңіл орындауға көмектеседі. Мұның бәрі жұқа корпус, жарық экран және флагмандық мүмкіндіктермен үйлеседі. Біз оны сынап көріп, беріктігіне тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде де көз жеткіздік.

Экраны – 6,79 дюйм. OLED-дисплейі видеоны кез келген жерде, тіпті күннің астында жарық әрі анық қып, ал түстерді шынайы етіп көрсетеді. Смартфон экраны жыпылықтамайды, көзді шаршатпайды, сондықтан онымен видео көрген немесе жұмыс істеген ыңғайлы. Сенсор экраны ылғал жердегі және қолғап киіп тұрған қолдағы саусақтарды жақсы сезеді. Біз тексеріп көріп, суық күнде де, жаңбыр жауғанда да тиімді функциясы барын түсіндік.

Смартфонға жаңа батарея түрі орнатылған. Құрылғыны белсенді қолдансаңыз – қуаты екі күнге, ал орташа режимде үш күнге дейін жетеді. Смартфон жылдам қуатталады: небәрі жарты сағатта қуатын 50%-дан көп етіп толтыруға болады. Сонымен қатар телефонды басқа құрылғыларды, мысалы, құлаққапты қуаттау үшін де пайдалануға болады.

Телефонның 2% қуаты ғана қалса да, бірден өшіп қалмайды: байланыс жақсы ұстап, хабарламалар келе береді. Мәселен, біз смартфон қуаты 2% болғанда шамамен 20 минуттай телефон арқылы сөйлестік. Қуаты сол күйі өзгермеді.

Мұндай қуат қоры бар кезде құрылғының жүйесі қалай істейтініне еріксіз назар аударасың. Телефон қатпай, ұзақ күттірмей тез әрі сенімді істейді. Мессенджер, жаңалықтар лентасы мен видео арасында оп-оңай, бір қалыпта ауыса алады. Жаңартылған MagicOS 9.0 расымен шынымен де әлдеқайда ыңғайлы болған: біз жұмыс үстелін өзімізге бейімдеп баптадық та, қажетсіз виджеттерді өшірдік. Енді бәрі жип-жинақы әрі түсінікті болып көрінеді. Оған қоса MagicOS 9.0 таңғалдыра білді: чаттағы мекенжайды көшірмей-ақ, саусақ буынымен белгілесе, телефон оны бірден картада ашуды ұсынады.

Ал Magic Capsule жолда келе жатқанда ештеңеге алаңдамай, бәрін басқаруға мүмкіндік береді. Мәселен, қосымша ашық тұрса, музыка қосуға, қоңырауға жауап беруге болады. Бұл, әсіресе, рульде немесе құлаққап тағып жүргенде ыңғайлы. Тіпті, бірнеше күн қолданып көрген соң, телефон сіздің қарқыныңызға бейімделіп, күнделікті кішкентай істеріңізді жеңілдетіп жатқанын байқайсыз. 

HONOR X9d бұрынғыдан да ақылды смартфонға айналды. Бұл күнделікті ұсақ-түйек істе байқалады. Мысалы, енді мәтін теріп жазып отырудың қажеті жоқ: жай ғана дауыстап айтсаңыз, телефон сөзіңізді бірден мәтінге айналдырады. Бұл қолыңыз бос емес кезде немесе уақыт тығыз кезде қолайлы. Ал материал дайындағанда Google Gemini көмекке келеді: ол ойды жүйелеп жаза алады, тақырып таба алады немесе ұзақ мәтінді қысқарта алады. Барлық функция табиғи істейтіні соншалық, телефонның бір бөлігі деп қабылдайсың. 

Сонымен қатар смартфон ыңғайлы әрі “ақылды” қызметінен бөлек, HONOR X9d берік екенімен таңғалдырды. Мұны бірден байқадық: телефонды қорабынан шығарып жатқанда абайсызда қолымыздан еденге түсіп кетті, бірақ “тық” етіп құлап кетсе де, корпусында бірде-бір із қалмады. Экраны мықты әйнектен жасалған, сондықтан сырылып, шытынап кетпейді. Телефон су мен шаңға төзімді: оны жаңбырдың астында да, шаң-тозаң жерде де қолдансаңыз да, сол күйі істей береді. Тіпті, ыстық су тиіп кетсе де, жақсы жұмыс істейді. Ал мұндайға телефондардың бәрі шыдай бермейтінін мойындауымыз керек.

108 Мп болатын камерасы расымен де суретке жақсы түсіреді. Күндіз түсірілген фотолар анық, түстер табиғи болып шығады: артық жарық, бұрмалау жоқ. Біз Алпамыс батыр ескерткішін суретке түсіріп көрдік: камера тастың текстурасын, қола бетіне түсіп тұрған жарықты, тіпті ұсақ-түйек бөлшектерді анық көрсетеді. Ал кешке сауда орталығының маңында сынап көрдік – неон шамдар, көліктің шамдары бұлыңғырланбай, айқын, “шуға” толмай шықты. Фотолар табиғи әрі сапалы көрінеді, тіпті, қымбат смартфонмен түсірілгендей әсер қалдырады.

HONOR X9d арқылы фотоны өңдеу біз ойлағаннан да оңай болып шықты. Бір-ақ рет түртіп, кадрға кездейсоқ түсіп қалған адамды өшіруге немесе біреудің орнын сәл жылжытуға болады. Портретке түскенде біреу көзін жұмып қалса да, жасанды интеллект оны әп-сәтте шынайы етіп түзеп береді. Тіпті, ескі суреттердің сапасын арттырып, әлдеқайда анық әрі қанық етіп береді. Енді бұрын бөлек қосымша мен уақытты қажет ететіннің бәрін смартфонның галереясынан бірнеше қимылмен-ақ жасауға болады. 

Біздің ойымызша, HONOR X9d – ыңғайлы әрі сенімді болатын құрылғыларды бағалайтын адамдарға арналған смартфон. Көзге түсіп тұратын артық бөліктері жоқ, бірақ қуатты. Телефон қолыңнан түсіп кетсе де, су тиіп кетсе де немесе күні бойы оны қуаттамаса да, алаңдауға еш себеп жоқ. Смартфон бір қалыпта әрі жылдам істейді және ұсақ-түйекте де сыр бермейді. Камерасы, экраны, батареясы – бәрі күнделікті өмірге лайық. Бұл смартфон артық күтімді қажет етпейді, жай ғана өз ісін мінсіз орындайды.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 10:00
Талқылау