Испаниядағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Испанияда болған жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың да, зардап шеккендердің де арасында отандастарымыз жоқ.
"Испания билігінің біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, кешегі Мадридте орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.
Еске салсақ, 20 қаңтарында (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласында Толедо көшесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн