Испанияда ер адам өзін Иса Мәсіхпін деп жариялап, монахты ұрып өлтірген
9 қарашада Валенсиядан солтүстікке қарай 35 минуттық жерде орналасқан Санто-Эспириту-дель-Монте монастырында ер адам испан монастырына кіріп, "Иса Мәсіхпін!" деп айқайлап, монахтарға шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Хилет қаласындағы монастырда белгісіз біреу қоршаудан секіріп өтіп, монахтарға шабуыл жасаған.
Басылым мәліметінше, 76 жастағы монах басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Одан бөлек тағы жеті діни қызметкер жараланды. Олардың үшеуі медициналық көмекке мұқтаж. Белгісіз ер адамның шабуылынан жеміс бағында қалып қойған екі монах құтылған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр