Испанияда барда болған жарылыстан 25 адам жарақат алды
Фото: Reuters
Мадридтегі Пуэнте-де-Вальекас ауданында орналасқан Mis Tesoros барында жарылыс болып, 25 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Испания астанасының Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметінше, үш адамның жағдайы ауыр.
Детонация салдарынан бардың үстінде орналасқан тұрғын үй де зақымданған. Ғимараттың тұрақтылығы күмәнді болғандықтан, өрт сөндірушілер қирандыларды қолмен аршып жатыр. ABC басылымының хабарлауынша, апаттың себебі газдың шығуынан болуы мүмкін.
Оқиға орнында 18 өрт сөндіру тобы, кинологиялық қызмет және дрондармен әуеден бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары кезекшілік атқаруда.
Мадридтің қауіпсіздік мәселелеріне жауапты вице-мэр Инма Санс та оқиға орнына келді. Оның айтуынша, ғимарат қатты бүлінген: жабын плиталары, көршілес бөлмелер мен жоғарғы қабаттар айтарлықтай зақым алған.
Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
