Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испания төрт күндік жұмыс күніне көшпек

Испанияда сынақ ретінде төрт күндік жұмыс күнін енгізді. Елдің премьер-министрі Пабло Иглесиас үкіметтің жұмыс күнін аптасына 32 сағатқа дейін көбейтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Испания

Тәжірибе қатысушысы кез келген компания бола алады. Қатысушылар бюджеттен өтемақы алатын болады. Бірінші жылы өтемақы сомасы түспеген кірістің 100 пайызын құрайды, келесі жылы - 50 пайыз, үшінші жылы - 33 пайыз. Бұл жобада 200-ге жуық ұйым қатысады, оларда 3000-6000 қызметкер бар. 

"Басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда Испанияда адамдар жұмыста көбірек уақыт өткізеді. Соның өзінде біздің ел жақсы нәтиже көрсетіп жатыр деп айтпас едік", - дейді политолог Иньиго Эррехон. 

Жұмыс аптасын қысқарту идеясы Ресейде  де талқыланды. 2019 жылы Үкімет басшысы болған Дмитрий Медведев жалақыны қысқартпай төрт күндік жұмыс аптасына көшу мүмкін екенін айтып өткен еді. Ал, 2020 жылдың күзінде Superjob сауалнамасына сәйкес, ресейліктердің көпшілігі аптасына төрт күн жұмыс істегісі келмейді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 16 Наурыз, 2021 15:49
Талқылау
`