Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Махачевтің командасы UFC-де Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Фото: Шавкат Рахмоновтың желідегі парақшасынан

UFC чемпионы Ислам Махачевтің жаттықтырушысы Хавьер Мендес шәкіртінің жартылай орта салмақтағы ықтимал қарсыластары туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sport24.ru спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір Махачев Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр, алайда болашақта Шавкат Рахмонов пен Камару Усман сияқты мықты спортшыларға қарсы кездесулер болуы мүмкін.

"Қазір Ислам тек келесі қарсыласын ойлауы керек. Бірақ біз оның болашақтағы қарсыластары кім болуы мүмкін екенін білеміз, олардың қатарында Рахмонов пен Усман бар. Камару белбеуді қайтарғысы келеді, ал егер Ислам келіссе, олардың жекпе-жегі өтуі әбден мүмкін", — деді Мендес The Javier & Mo Show подкастында.

Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-де жартылай орта салмақта (77 келі) өнер көрсетеді. Бұған дейін, 19 жекпе-жек өткізген отандасымыз 18 кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Рахмонов соңғы рет октагонда 2024 жылдың 7 желтоқсанда UFC 310 турнирінде өнер көрсеткен еді. Қазақстандық жауынгер Иэн Мачадо Гарриді төрешілер шешімімен ұтқан болатын. Осылайша америкалық лигада Шавкат 7-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 16:44
Талқылау