Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды

Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады", - делінген хабарламада.

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;

– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;

– ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;

– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.

 

Талқылау