Қазақстанда мектептерде жаңа міндетті пән енгізу ұсынылды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мектептерде балаларға жол қозғалысы ережесін үйрететін міндетті пән енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спикердің айтуынша, полицейлер жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған балалар туралы деректерді басқа елдердің деректерімен салыстырған.
Бұдан бөлек кәмелетке толмағандарға жол қауіпсіздігі дағдыларын үйретуге бағытталған пәндерді оқыту тәжірибесі ескерілген. Қорытындысы көңіл көншітпеген: Қазақстанда балаларға жол жүру ережелері аз оқытылатын болып шыққан.
"Ішкі істер министрлігі балалардың өміріне қатысты болғандықтан жол қозғалысы ережесі сабақтарын мектеп бағдарламаларына жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр. Мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағыну тәртібі нормаларын сіңіруге болады, бұл олардың өсіп, өздері жүргізушісі болған кезде жол қауіпсіздігіне оң ықпал етеді", – дейді Қайсар Сұлтанбаев.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"