Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтарға қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар брифингінде интернет-алаяқтық үшін жауапкершілікті есірткі қылмыстарының жазасымен бірдей етуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

марат ахметжанов

Министрдің айтуынша, негізгі ұйымдастырушылар, әдетте, шетелде , құйтырқы әрекеттерін онлайн режимінде басқарады. Мұндай қылмыстық топтар Астана, Алматы, Павлодар, Тараз қалаларында және басқа да аймақтарда анықталды. Қыркүйек айының басында 70-тен астам қазақстандықты алдап кеткен топ ұсталды. Оларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Бүгінгі таңда полиция 60 дропперді орнатты. Басқа елдің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, олардың сыбайластарын шетелде ұстау шаралары қабылдануда.

"Интернет-алаяқтар өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырады, абоненттік нөмірлерді ауыстыру сервистерін пайдаланады. Ақшаны сақтау үшін  несие алуға немесе қауіпсіз шот деп аталатын шотқа аударуға сендіреді. Содан кейін ұрланған ақша халықаралық аударым қызметтері арқылы алынады, криптовалютаға аударылады немесе шекарадан қолма-қол ақша түрінде өтеді", – деді М.Ахметжанов.

Сондай-ақ, А.Ахметжановтың айтуы бойынша, байланыс операторлары ауыстыру нөмірлерін бұғаттайтын бағдарламалық қамтамасыз етутін бағдарламалар іске қосылады. Министрлік интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату шараларын ұсынды. Оның мәлімдеуінше, алаяқтарға есірткі тасымалдаушылармен бірдей жаза тағайындалу керек. 

Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау деңгейі артуда. Алматы ІІМ академиясында киберлаборатория ашылды, онда қызметкерлерді киберқылмыстарды ашудың жаңа әдістемелерін оқытады.

Министр ешбір жағдайда банктердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімін деп хабарласқандардың нұсқауларын орындамауға, өзінің жеке деректерін, оның ішінде карточкалардың деректемелерін, код сөздерін хабарламауға, күмәнді мәмілелер бойынша аударымдар жүргізбеуге кеңес берді. 

Талқылау