Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толық бакпен жолға шығуға болмайды: Министрлік аптап ыстықта көлікпен сапарлайтындарға кеңес берді

Ішкі істер министрлігі аптап ыстық күндері жолға шыққанда қандай ережелерді қаперде ұстау керектігін еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Апталық онлайн-брифингі барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ыстық күндері көлікпен жолға шыққандарға мына ережелерді ұстануға шақырды:

  •  алыс қашықтықтағы сапарға таңертең немесе кешке ыстық басылған кезде шығу;
  • медициналық көмек қобдишасы мен суды жүк салғышқа емес, өзіңе жақын жерде ұстау;
  • қатты ыстық кезеңде көктайғақта қозғалғандай ақырын, сақ жүріңіз. Себебі жоғары температура жағдайында асфальт өзінің қасиеттерін жоғалтады және тайғақ болады;
  • салқындату жүйесін үнемі бақылап, қозғалтқыштың салқындату жүйесіне күш түсірмеу;
  • бакты толық толтырмаңыз. Өйткені жоғары температурада дизель отыны мен бензиннің көлемі ұлғаяды, белсенді булану жүреді.

Сонықтан мұндай жағдайларда өрт шығуы мүмкін. Осыған байланысты сапар алдында жарамды өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеру қажет;

  • жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар жүргізушілер осындай уақытта жолға шықпағаны жөн;
  • жағдайыңыз күрт нашарласа, көлікті дереу тоқтатып, басқа жүргізушілердің назарын аударыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз, құтқару қызметіне, полицияға қоңырау шалыңыз.
     
Талқылау