Ішкі істер министрлігі 167 бас мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады (видео)
Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы полиция департаментімен бірлесе отырып бес адамнан тұратын аймақаралық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство баспасөз қызметінінің мәліметінше, күдіктілер Семейде ұрланған 40 бас жылқыны айдап бара жатқан кезде ұсталған.
Қылмыстық топ Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында алты рет мал ұрлаған.
"Олар барлығы 167 бас мал ұрлаған. Тінту барысында күдіктілерден тағы 67 бас жылқы, көлік пен екі мотоцикл анықтаоды. Қылмыстық топ қатысушылары міндеті бойынша бөлінген", – деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Ұрланған мал арнайы мал соятын орынға апарылған. Ал етін таныстары арқылы сатқан.
"Ұйымдасқан топқа қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" бойынша іс қозғалған. Аталған бапқа сәйкес мүлкін тәркілей отырып 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады", – деп қосты баспасөз қызметі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
