Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
ІІМ қазақстандықтарға ауа-райының нашарлауы туралы ескертті және жолдарда абай болуды, қала сыртындағы жолдарға шықпауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауы күтілетінін еске салды.
"ІІМ аталған аймақтардың тұрғындарына ұзақ сапарлардан аулақ болуды ұсынады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтау керектігін ескертеді", - деді министрлікте.
Екі күннің ішінде (10-11 қаңтар) ел жолдарында 35 ЖКО тіркеліп, жеті адам қаза тапты, 50 адам түрлі жарақат алды.
Қар құрсауынан полиция күшімен 30 - дан астам көлік құралы эвакуацияланды.
Бұған дейін Нұр-сұлтан мен Қазақстанның жеті облысында боран мен тұман салдарынан ескерту жарияланғаны хабарланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”