AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді

ҚР ІІМ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапарын Шымкент қаласының әкімі, қала активі және мәслихат депутаттарымен кездесуден бастады. Кездесуге ҚР Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, ІІМ өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері Мұрат Әбенов және Азамат Ерғалиев, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының үш бірдей полиция департаменттерінің бастықтары қатысты.

"Жыл сайын республика жолдарында 2000-нан астам азамат көз жұмады. Әрбір оқиға жақын адамдар үшін үлкен қасірет. Біз бейбіт күнде адамдарды жоғалтпауымыз керек. Сондықтан Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы ережелері мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін бүгінгі таңда түрлі қадамдарды жасауда. Яғни жаңа бағдарламалар әзірленуде. Соңғы әзірлеме "Қорғау" бағдарламасы. Ол ең алдымен жергілікті бюджетті толықтыруға емес, керісінше, жолдарда жазықсыз жандардың қаза болуына жол бермеуге, жол қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жұмыс кездесуі барысында Президенттің "Жаңа Қазақстан" Жолдауын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі бірінші кезекте жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған жап-жаңа "Қорғау" бағдарламасын мұқият таныстырып шықты.

Бұл қосымша патрульдік полицейге жақын маңда 10 минут ішінде екі рет жол ережесін бұзған немесе көлігіне жалған нөмірлер орнатылған, айыппұлдар төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі жайлы хабардар етеді. Осылайша жол қозғалысын қадағалау кезінде полиция нарядтары "тәуекел ету тобымен" бірге әрекет ететін  болады. Өз кезегінде жол қозғалысының нақты уақыт режимінде алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап Шымкент полициясы құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету мақсатында республика бойынша алғашқы болып "қорғау" бағдарламасын пайдалана бастады. Бір тәулік ішінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері "қорғау" бағдарламасының көмегімен әртүрлі бұзушылықтары бар 70-тен астам автокөлікті тіркеді, олардың ішінде 18-і жалған нөмірлермен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп бекітті. Осыған байланысты Шымкент мектептерінде полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған "SOS" дабыл батырмалары кеңінен енгізілуде. Бұл шараларды полиция мен білім беру мекемелері, ең алдымен мектеп қабырғасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдануда. 

Аталмыш "SOS" батырмаларының нақты уақыт режимінде қалай жұмыс істейтіні Ішкі істер министріне 2783 бала оқитын №137 қалалық мектеп-гимназиясында көрсетілді.

Осыдан соң еліміздің бас полицейі Марат Ахметжанов ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде болып, полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Содан кейін жедел басқару орталығында Министр "Қорғау" бағдарламасының жұмысын нақты уақыт режимінде көрсетті. Бағдарлама аясында Д.Қонаев даңғылы бойымен жүріп келе жатқан "Hyundai" автокөлігі анықталды, аталған көлік жүргізушісіне бұған дейін 27 рет айыппұл салынған. Ол жалпы  жарты миллион теңгеден астам соманы құрайды.

ЖБО қызметкері бұл ақпаратты жедел түрде патрульдік полиция инспекторына берді. Соңғысы өз кезегінде, Д.Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында көлікті тоқтатты. Акт түзіп,"Hyundai " көлігі айып тұраққа қойылды. Полиция қызметкері жинақталған құжаттарды енді әкімшілік полицияға жолдайды.

Іс сапарының соңында Ішкі істер министрі Шымкент полицейлерінің модульдік бекеттерінің жұмысымен танысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр