Ішкі істер министрі Мәсімовтің "ауыр дертке шалдыққаны" туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Екатерина Штукина/РИА Новости
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, қазір Кәрім Мәсімовтың денсаулығы, жағдайы жақсы.
"Ол жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Оның жақындары айтқан барлық уәждер тексеріліп жатыр. Ресми түрде айтайын, оның жағдайы қалыпты", – деді Сәденов.
- Қылыштар, тиын және басқа да мүліктер: Кәрім Мәсімовтың үйінен табылған заттары бөлек сатылады
- Кәрім Мәсімов ресейлік астрологқа 200 мың доллар төлеген – The Telegraph
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.
10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Осылайша ол 2023 жылдың сәуірінде 18 жылға бас бостандығынаталған. ты деп танылды.
2024 жылдың маусымында Мәсімов президент Тоқаевқа кешірім сұрап, рақымшылық жасауға өтініш білдірді, бірақ ол қабылданбады.
Ал жақында ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші ретнаурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
