Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі өзіне тікелей байланысқа қалай шығуға болатынын айтты

Ержан Сәденов ел тұрғындарына өзімен қалай байланысқа шығуға болатынын айтты. Министр оны Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәденов ел тұрғындарымен ашық диалогқа дайын екенін жеткізді.

"Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Өзімнің Facebook және Instagram-да жеке парақшаларымның бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын", - деді ведомство басшысы.

ІІМ басшысы полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастыратын айтты. 

"Тәртіп сақшылары күндіз-түні қызметте. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан астам Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкерлері жұмылады. Әр қызметкердің алдына қойылған басты мақсат – арыз-шағымдарды жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету", - деді ол. 

Еске салайық, Ержан Сәденов 2023 жылдың қыркүйегінде ішкі істер министрі болып тағайындалған. Сәденов оған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген. 

Талқылау