Ішкі істер министрі 9 полиция департаменті басшысының орынбасарларын тағайындады
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен елдегі 9 полиция департаменті басшысының орынбасарлары тағайындалды. Министр тағайындамас бұрын әр кандидатпен жеке әңгімелесу өткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің бұйрығына сәйкес жаңа тағайындаулар келесідей:
– Абай облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Берік Амангелді;
– Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
– Елдос Закимов Абай облысы ПД бастығының орыШығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
– Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған);
– Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев (Түркістан облысы ПД-дан келген);
– Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы Полиция басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған);
– Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызы;
– Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен).