Ішкі ағзалары жарылғаны анықталған: Солтүстік Қазақстан облысында ер адам достарымен кездесуден кейін көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тоқсан би ауылында ер адам достарымен болған кездесуден кейін қайтыс болған. Кейбір деректерге қарағанда оның ішкі ағзалары жарылғаны анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Arbat.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз таратқан ақпаратқа сүйенсек, ауылдың бірнеше тұрғындары спирттік ішімдік ішіп отырған жерінен жанжал туып, салдарынан ер адамдардың бірі қайтыс болған. Бейресми деректерге қарағанда, марқұмға зорлық-зомбылық жасалған, соның салдарынан ішкі ағзалары жарылып кеткен.
- Талдықорғанда полицей "әкім орынбасарының әйелімен" болған оқиғадан кейін қызметінен қуылды
- Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
“Сотқа дейінгі тергеу кезінде үш азаматтың алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Осы кезде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан төбелеске қатысушылардың бірі ауруханаға жеткізіліп, ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция.
Талқылау