Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішімнің салмағын өлшеп болдыңыздар ма?": Дина Төреәлі оқырмандарын сабырға шақырды

Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі әпкесі Фариза Төреәлінің баласының қырқына шығару рәсіміне не апарғанын көрсетті. Айтуынша, екі жақтың сый-сыяпаты құдалық тойдан кем түспеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фариза мен Дархан ет жақын ағайындарының басын қосып, ұлдарын қырқынан шығарды.  

“Ойламаған жерден жезденің анасы сыйлықты үйіп тастады. Анамның білегіне қымбат білезік салды. Анам көріп шок болды. Төртеуімізге бір тойдың ақшасына сыйлық алыпты. Көңілі кең сондай. Осы ниетіңізге үйіп-төгіп берсін”, – деп алғыс жаудырды. 

Блогердің айтуынша, көптен қолы жетпей жүрген жүзікті де құдағиы сыйлаған. 

“Алғым кеп жүрген сақинаны құдағиым тағып тұр. Қатты қуанып кеттім. Әпкем мен жездем ата-аналарына Дубайға жолдама сыйлады. Құдды бір құдалық сияқты өтті. Екі жақтың қоржын ашу рәсімі өтті”, – деп мақтанды блогер. 

Сондай-ақ оқырмандарына да үндеу жолдады.

“Ішімнің размерін өлшеп, салмағымды сөз етіп, ұл немесе қыз екенін зерттеп, қанша апта болғанымды талқылап болсаңыздар, жұмысқа кірісейік. Уақыты келгенде бәрін жасырмай айтамын”, – деп жазды. 

Талқылау