Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдікке тойып алған: Әкесі нәрестені көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жібермек болды (видео)

Әкесі нәрестені көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жібермек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішімдікке тойып алған: Әкесі нәрестені көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жібермек болған

Рессейдің Саранск қаласында ішімдікке тойып алған әкесі кішкентай нәрестені үшінші қабаттағы терезеден лақтырып жібермек болған. Полиция қызметкерлері баланы құтқарып қалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бастапқыда ер адам тұрмыс заттарын терезеден лақтыра бастаған. Артынша емшектегі қызын үшінші қабаттан лақтырып жіберемін деп қорқытқан. Әкесі бір бөлмеден екінші бөлмеге жүгіріп, терезеге қарай жақындаған. Мамандар мас еркекпен келісімге келе алмаған соң пәтерге кіреміз деп шешім қабылдаған.

"Полицияның учаскелік уәкілі лейтенант Василий Мартынов, полицей-жүргізуші аға сержант Виктор Ковальчук және өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, кезекші ауысым бастығы подполковник Руслан Алукаев көрші пәтердің балконы арқылы белгісіз ер адамның үйіне кіріп, баланы қауіпсіз жерге алып шықты", — деп хабарлады ТЖМ.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. 

Талқылау