Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдік ішіп, митингіге дайындалған елордалық көпбалалы аналар желіде қызу талқыға түсті (видео)

Әлеуметтік желіде елордадағы барлардың бірінде бірнеше көпбалалы ананың ішімдік ішіп отырған видеосы пайда болды. Виедодағы әйелдердің әңгімесіне қарағанда, олар 18 қыркүйекте, яғни Нұр-Сұлтанда өткен заңсыз митингіден бір күн бұрын жиналған деп топшылауға болады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішімдік ішіп, митингіге дайындалған елордалық көпбалалы аналар желіде қызу талқыға түсті (видео)

Видеода екі әйелдің отырғаны көрінеді. Ал үшіншісі кадр сыртында оларды видеоға түсіріп отыр. 

«Қыздар бәрі жақсы болсын деп алып қояйық. Мүмкін бұл біздің соңғы кездесуіміз шығар. Ертең бәрімізді қамап, 5 жыл мерзім берсе, болды, отырамыз», - дейді әйелдердің бірі.

BaigeNews.kz басылымы кешке «демалып», күндіз көпбалалы және мұқтаж отбасыларды әлеуметтік қолдауды арттыруда талап ететін әйелдердің  кім екенін анықтап көрген. Белгілі болғандай, видеодағы үш  әйел де көпбалалы ана болып шыққан. Олардың әрқайсысының 5 баласы бар. 

Видеодағы әйелдердің бірі – 33 жастағы А. Ақтөбе облысына тумасы екен. Алайда бүгінгі таңда елордада тұрып жатыр. Ол бес баласын жалғыз тәрбиелеп отырған көрінеді. 

Ол 2019 жылдың қыркүйек айында атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жүгініпті. Қазіргі уақытта оның мәселесі қаралып жатыр. Оған «Мектепке жол» акциясының аясында қолдау көрсетіліп, сонымен қатар «Мұңайма» қайырымдылық қоры 200 мың теңге көлемінде көмек беріпті. 

Ал видеодағы тағы бір көпбалалы ана – 36 жастағы Ж. Ақмола облысының Жаңажол аулының тумасы болып шықты. Қазіргі уақытта елордада тұрып жатқан әйелдің 5 баласы бар. 

Ол 2019 жылдың 1 сәуірінен  бастап АӘК алып келеді. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясының аясында қолдау көрсетілген. «Мұңайма» қайырымдылық қорынан 200 мың теңге ақша беріліп, 158 341 теңге көлеміндегі банктерге берешегі мен коммуналдық қызметтер үшін қарызы жабылған. 

Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте елордада Президент әкімшілігінің маңындағы алаңға әйелдер тобы жиналып, баспана мәселесін шешуді, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауды арттыруды талап еткен еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр