Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішімде бомба жарылғандай болды": Солтүстік Қазақстанда тұрғындар белгісіз дертке шалдыққан

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылының тұрғындары белгісіз дертке шалдығуда. Науқастарға ортақ белгі  – іш өту, дене қызуының көтерілуі. Халық мұны сапасыз ауыз судан көреді. Ал жергілікті билік мәселенің себебіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының тұрғындары соңғы екі аптадан бері жұрт бірінен соң бірі белгісіз дертке шалдығып жатыр. Біреулерде  іш бүріп, диарея белгілері байқалса,  енді бірінің жүрегі айнып,  ішкен-жеген тамағын қабылдамайтын көрінеді.  Олардың айтуынша, ауылда жүзден астам адам белгісіз дертті жұқтырған.

“Өткен бейсенбі күні түнде ауырып қалдым. Дене қызуым 38,6 градусқа дейін көтерілді. Ішім қатты бүріп,  ішімде бомба жарылғандай болды. Белгілері коронавирусқа ұқсамайды. Дәрігерлер де осылай дейді”, – дейді ауыл тұрғынының бірі Галина Пулникова.


Көлік жүргізушілері ақылы жолдың қымбаттауына қарсы жаппай наразылыққа шығуда 


Бескөл ауылындағы 15 мың тұрғынды 2004 жылдан ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған компания басшылығы дерттің судан келмегеніне  сенімді.”

“Ең алдымен қызым ауырды, онан кейін мен. Біз суды тек сүзгіден өткізіп барып ішеміз. Көлге барып шомылған жоқпыз. Түгел ауыл тұрғындары емес, Бескөлдің ескі аумағы ғана ауырып жатыр. Неден екені белгісіз”, – дейді тағы бір тұрғын Наталья Светлицкая.

Жұрттың тарапынан түскен шағымдардың саны күрт артқан соң,  ауылға эпидемиологтар шақыртылды.  Сала мамандары ауыз судың және жақын маңайдағы су тоғайлардан сынама алып, сараптамалық зертханаға жіберген.

“Башнядан бір жерден алады. Егер мынандай бірдеңе болса, 15 мыңның жартысы ауырып қалар еді. Ол суды мен өзім де ішіп отырмын. Уланып жатқан себебі, осы күндері күн ыстық болды. Сонда көлге түсті, ыстықта жүрді”, – дейді ЖШС директоры Қайырбек Нұралин.

Бескөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мәулен Қасымғожин вирус өзен-көлден болу мүмкін екенін айтады.

“Дәрігерлердің көмегіне 100-ден астам адам жүгінді. Біз тек ауыз суды ғана күдікке алып отырған жоқпыз. Себебі, екі аптадай күн ыстық болды. Жұрттың бәрі өзен-көлге ағылды. Бәлкім вирус содан шыққан болар. Облыстық эпидемиологиялық орталық мамырдың 29 күні судың сараптамасын алды. Нәтижесін 10 күннің ішінде хабарлайды”, – дейді Бескөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мәулен Қасымғожин.

Бұл мәселеге  қатысты прокуратура құзырлы орган жұмысшы тобын құрып, тіпті қылмыстық іс қозғаған.

“Санитарлық талаптарды және гигиеналық нормаларды бұзу фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 304 бабы 1 бөлігінің қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күнде тиісті кешенді сараптамалар жүргізілуде. Бескөл кентінің тұрғындарына толықтай медициналық көмек көрсетілуде”, – дейді СҚО прокурорының аға көмекшісі Жарқын Белгібаев.

 

Назерке Мұса
Сейсенбі, 01 Маусым, 2021 21:34
Талқылау