Соңғы жаңалықтар

Ішім удай ашиды: Керменбаев жанұясына ойына келгенін жазған әйелдерге ашуланды

Нұржан Керменбаев биылғы “жастар жылын” жанұясына арнамақ. Үнемі гастрөл мен концерттен қол үзбейтін әнші доңыз жылын отбасылық демалыстан бастады. Әнші келіншегі мен ұлдарын ертіп, шетелге кетті, деп жазады Stan.kz.

Ішім удай ашиды: Нұржан Керменбаев ойына келгенін жазған әйелдерге ашуланды

Осыдан бірнеше сағат бұрын “Кап-карашка” жұбайы мен ұлымен бірге түскен суретін жариялады. Фотода Назерке мен бүлдіршіннің жүзі көрінбейді, олар теріс қараған. Кейбір ашулы оқырмандар бұған қарап Нұржанға жағымсыз пікірлерін жаудырған.

“Осы не сұмдық, баласы мен қатынының түрін көрсетпейтін әншілерге жыным келеді. Көрмесек те ренжімейміз, сенің балаң мен қатының басқа жұртта жоқтай”, “Әдемі сурет. Бірақ келін мен баланы теріс қаратып қойғаның дұрыс болмады. Негізі теріс қарап суретке түскен дұрыс сияқты емес”, “Сіз үнемі әйеліңіздің түрін ары қаратып қояды екенсіз. Әдейі ме?” – деп сұрақтың астына алды оқырмандар.

Мұндай сөздер Керменбаевтың жанына батты. Айтуынша, ол жұбайын әдейілеп жасырмайды. Тек теріс қараған суреттер отанасы Назеркенің өзіне ұнайтын көрінеді.

“Мен келіншегімгің түрін тыққан жоқпын. Просто xаншайымым суретті өзі таңдады. Кейбір анамдай жасы бар адамдар аузына келгенін жазып жатқан кезде, ішім удай ашиды. Қазақ десең өзіңе тиеді. Көреалмаушылықты қойып, іштей маған да жұғысты болсын деп ниет етіп қойсаңыздаршы.Алла ниеттенгеніңізден де асырып берсін. Барлығы ниеттен басталады”, – деп жауап берді Нұржан.

Ішім удай ашиды: Керменбаев жанұясына ойына келгенді жазған әйелдерге ашуланды

Айтпақшы, суретке қарап көпшілік Керменбаевтар отбасы Малайзияда жүр деп топшылады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр