Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішек-құрылысы ақтарылып қалған": Петропавлда үш жастағы қызды электршалғы кесіп кетті

Петропавлда үш жастағы қызды электршалғы кесіп кетіп, бүлдіршіннің ішек-құрылысы ақтарылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Қазір қыздың жағдайы ауыр. Жұмыс істеп тұрған электршалғы қыздың 6 жасар ағасының қолында болған.

Алты жасар бала көгал шабатын шалғымен ойнап жүрген. Ал кішкентай қарындасы шөп арасында жүріпті. Құрылғы пышағы балақайдың дәл қарнын тіліп түскен. Ішек-құрылысы ақтарылып қанжоса болған қызды дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қолынан келгенін жасап, оның өмірін сақтап қалған.

Кешікпей санавиациямен облыс орталығынан келген мамандар бірден ота жасады. Түнгі 12-де басталған та таңғы 6-ға дейін созылған. Асқазанды жалғап, бауырдан кеткен қанды тоқтату, жыртылған, кесілген ішектерін жалғау дәрігерлерге оңайға соқпаған. Қазір кішкентай науқас облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қыздың жағдайы ауыр.

“Ауруханаға түскен кезде қан қысымы нөлге жақындаған. Барлық дұрыс шара жасап, баланың өмірін құтқарып, санавиация келгенге дейін өмірін сақтады. Енді жағдайы өте ауыр. Жарақат алғаны, 2-ден күрделі отадан өткеннен жағдайы ауыр. Өте қауіпті, өте күрделі, өте қиын жағдай болып тұр”, – дейді СҚО балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.

Талқылау