Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Іш, сканерле де Coca-Cola жүлделерін ал!

Жазды Coca-Cola-ның ыстық промо-акциясымен бастап, уақытыңды сәнмен әрі әнмен өткіз.

Әр қақпақтың астына көптен күткен сыйлықтары бар Coca-Cola компаниясының дәстүрлі жазғы промо-акциясы басталып та кетті. Акцияға қатысып, Coke Studio Festival концертіне билет, ағымдағы және жаңа пайдаланушылар үшін Яндекс Плюс жазылымдарын, Sulpak және Qazaq Republic жеңілдік сертификаттары мен басқа да сыйлықтарды алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Акция жаз бойы жалғасады. Акцияға алтын түсті қақпақтары бар жарты литрлік пластик бөтелкедегі "Coca-Cola Classic", "Coca-Cola Zero Sugar", "Fanta Апельсин", "Sprite" сусындары кіреді. 

"Біз жыл сайын жазғы промо-акциямыздың шарттарын жақсартып, тұтынушыларды көбірек керемет сыйлықтармен қуантып келеміз. Серіктестерімізбен бірге тамаша сыйлықтар әзірледік. Акциямыздың жаңа ережелері ұпайларды жинауға және оларды Extrazone бейілділік платформасының каталогындағы жүлделерге айырбастауға мүмкіндік береді. Платформаны жеңіл әрі ыңғайлы пайдалану үшін, үстеме ретінде Extrazone вебсайтына мобильді қосымшаны іске қостық. Coca-Colaмен бірге жаз тартымды өтеді әрі музыкалық тосынсыйларға толы болмақ. Ғажайып сәттерді жақындарыңызбен және достарыңызбен бөлісіңіз. Ал, жаздың аптап ыстығынан құтылуға Coca-Colaның тәтті сусындары әрдайым  көмекке келеді", - дейді Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Coca-Colа компаниясының корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.

Акцияда миллиондаған жүлделер бар, соның ішінде:

  • 15 000 билет Coke Studio Festival-ға – ауқымды іс-шара 2-қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді. Концертке жергілікті және шетел жұлдыздары қатысады. Қонақтарды 8 сағат бойы үздіксіз музыка мен ойын-сауық күтеді. 
  • Ағымдағы және жаңа пайдаланушылар үшін 23 миллионнан астам "Яндекс Плюс" жазылымы. 
  • "Яндекс Плюс Кешбэк" бейілділік бағдарламасында бір миллион ұпайға 1 промо-код "Яндекс Плюс" және жарты миллион ұпайға 2 промо-код. 
  • Sulpak-тан 5 000 теңгелік жеңілдікке жарты миллион купон. 
  • Qazaq Republic дүкендерінде 5% - дан 20% - ға дейінгі жеңілдіктерге 1000 ваучер.
  • Qazaq Republic-тен панамалар, шопперлер, термо-бөтелкелер мен стикерлер. 

"Биылғы жылы біздің серіктестеріміз акция бойынша көп жүлделерді ұсынғаны сонша, кем дегенде әрбір қазақстандықтың біреуін ұтып алуына кепілдік берілген. Жүйені теріс пайдаланбау үшін, науқанның барлық уақытында жүлделер санын бір қатысушыға беске дейін шектедік", - дейді компания өкілі.

Акцияға Қазақстанның 14 жасқа толған кез келген тұрғыны қатыса алады. Алтын түсті қақпағы бар, сыйымдылығы 0,5 л пластик бөтелкедегі "Coca-Cola Classic", "Coca-Cola Zero Sugar", "Fanta Апельсин", "Sprite" сусындарын сатып алу керек, қақпақтың астынан латын әліпбиінің әріптерімен немесе/және сандарынан тұратын кодты табу; Кодты ExtraZone мобильді қосымшасына (Google Play немесе App Storе жүктеп алуға болады) немесе www.ExtraZone.com  веб-сайтына енгізіңіз.

Кодты тіркегеннен кейін сіз ұтып алған ұпайларыңыз туралы хабарлама аласыз. Кейін оны қосымшада немесе ExtraZone веб-сайтында жинауға және сыйлықтарға айырбастауға болады.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 06 Маусым, 2023 08:00
Талқылау