Іш киіммен бейнебаян түсірген бойжеткенді желіде сынға алды (видео)

Желіде Зере есімді қырғыз әншісін бейнебаяндағы сырт келбеті үшін сынға алды.

Тректің өзі екі ай бұрын шықты. Бірақ бірінші күннен сынға ілікті.

Бейнебаянда әнші костюм ішінен іш киім ғана киген. Одан бөлек әр түрлі киім киген қыздар да бар. Хиджаб киген қыз да бейнебаянға түскен.

Зере осылайша қоғам назарын аударып, қырғыз қыздарының қалай киінсе де өз еркі екенін айтқысы келген.

Желі қолданушысының бірі оны қолдап, жалаңаш түскен өз суретін жіберіп жатты. Енді бірі қырғыз қызы олай жүрмеу керек дегенді айтып, басыңды жұлам деп қорқытты.

Әнші полиция арыз жазды. Полицейлер оның қауіпсізігін барынша қолға алғанын айтты.

Елдің бұрынғы премьер-министрі Феликс Кулов те пікір білдіріп, егер әншінің сымбаты келісті болса, дәл осылай талқыға түспес еді деді.

Зере ағылшын тілін үйрететін YouTube-тегі балалар арнасын жүргізеді. Театрда ойнайды. Диджей болып жұмыс істейді. Ол ән мәтінін де өзі шғарғанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр