Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржылық мониторинг агенттігі экс-спикер Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

нүрлан нығматулинФото: Бәйтерек холдингі

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистердің мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұрын хабарланғандай, сот өндірісінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде болған қылмыстық бар. Іс халықаралық тергеу тапсырмасына сәйкес тоқтатылды”, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы орынбасары Жеңіс Елемесов.

Журналистер сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы сұрады. 

"Әзірге куәгер ретінде қаралып жатыр. Біздің сұранымымызға қатысты жауап келген соң оның мәртесі анықталады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін отандық кәсіпкер Қанат Әміркин Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы өзінен "Алатаудорстрой" компаниясын тартып алып, одан үлкен сомада ақша талап еткенін айтқан еді. Сөйтіп Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен кейіннен оның рейдерлікке қатысы бар күдікті ретінде танылмағаны айтылды. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 13:58
Талқылау