Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іс-шараға кешіккен шоумен мен диджей Air Astana-дан 2 миилион теңге өндірді

Іс-шараға кешіккен шоумен мен диджей Air Astana-дан 2 миилион теңге өндірдіФото: Air Astana

Air Astana ұшағының кешігуіне байланысты шоумен мен диджей Астанада өтетін іс-шараны өткізе алмады. Осыған байланысты сот әуе компаниясын 2 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Kozachkov offside” Telegram арнасының мәліметінше, 2024 жылы шоумен Артем Примак пен диджей Ян Пинчук Грузиядан Астанаға арнайы “Чистые пруды” мейрамханасында өтетін іс-шараны жүргізу үшін ұшып келуі керек болған. Екеуі де ұйымдастырушылармен келісімшарт жасасқан, егер олар сахнаға шықпаса айыппұл санкциялары қарастырылған.

Алайда күтпеген жерден рейс бір тәулікке кейінге шегерілді. Салдарынан Примак пен Пинчук елордаға кешігіп жетті. Осылайша, мерекелік іс-шараға қатыса алмады.

Сөйтіпп ұйымдастырушы компания олардан өтемақы талап етіп, сотқа жүгінген. Нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімге келіп, жүргізуші мен диджей әрқайсысы бір миллион теңгеден сәл астам сома өтемақы төледі.

Кейін Пинчук пен Примак бұл қаражатты Air Astana компаниясынан өндіріп алу үшін сотқа жүгінді. Судья Индира Абекованың айтуынша, рейс ұшқыштың сырқаттануына байланысты кешіккен. Бұл жағдай форс-мажор емес. Сондықтан болған оқиғаға толықтай әуе тасымалдаушы кінәлі деп танылды.

Осыған байланысты сот Air Astana компаниясы Примак пен Пинчукке келтірілген мүліктік шығынды толық өтеуге міндетті деп шешті. Яғни, әрқайсысына 1 165 824 теңге төлейді. Сонымен қатар әуе компаниясы кешігу үшін айыппұл төлеуге, шамамен 100 мың теңге және мемлекеттік баж бойынша шығындарды өтеуге міндеттелді.

Шешім әлі күшіне енген жоқ.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 09:40