Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзінің растығы тексеріледі": ІІМ күйеуінен аяусыз таяқ жеген алматылық әйелдің ісін бақылауға алды

Отасқалы бері күйеуінен таяқ жеп келе жатқанын айтқан Ксения Ашығалиеваның ісін ішкі істер министрлігі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Сурет: facebook.com/NeMolchiKZ/ 

Ксения Ашығалиева 7 жыл бірге тұрған күйеуінің үстінен шағым түсірді. Айтуынша, күйеуі өзін жиі соққының астына алып, тапқан табысын қалтасына басып отырады. Қазіргі таңда оның күйеуінің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Министрлік өкілінің хабарлауынша, іс дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қаралып, тиісті сараптамалар жасалып жатыр. Сондай-ақ, Нұрділдә Ораз бұл істе барлық жәйт жіті тексеріліп, жеке назарда екенін алға тартты.  

«Бұл іске қатысты дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс қозғалды. Барлық сараптама бекітілді. Осы сараптамалар нәтижесінде тергеу амалдары әрі қарай жалғасатын болады. Бұдан бөлек дара жағдайлар болуы мүмкін. Олар да жіті тексерілетін болады. Ол кісінің (жәбірленген Ксения Ашығалиева — ред.)  айтқан сөзі қаншалықты рас – соның барлығы тексеріледі», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз Stan.kz тілшісіне. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін алматылық әйелдің өз күйеуінің үстінен шағымданғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау