Ирина Тен, тележүргізуші: Қазақ отбасына келін болуға дайынмын
Белгілі тележүргізуші Ирина Теннің сүйіктісі – қазақ жігіті. Кәріс қызы қазақ отбасына келін болуға дайын екенін мәлім етті.
Бұл туралы ол блогер Эльвира Ерғалинаға берген сұхбатында айтып берді.
«Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісіне эфирдегі серігі Жансерік Бейсеевтің үйленуіне қатысты сұрақ қойылды. Ирина әріптесінің өмірінде орын алған оқиғаның оның өміріне еш қатысы жоқ екенін, десе де Жансерікке тек бақыт тілейтінін айтып өтті.
– Сізге ұқсайтын қыз алыпты…
– Жансерікте оның маған ұқсауы керек деген талап болды деп ойламаймын.
– Сіз тойға бармадыңыз. Демек екеуіңіздің араңыздағы болуға тиісті қарым-қатынасқа сіз қарсы болған сияқтысыз?
– Өкінішке қарай, шетелде болып тойға бара алмадым. Бірақ Жансеріктің тойына қатты барғым келді.
– Қазір жігітіңіз бар?
– Иә.
– Қазақ жігіті?
– Иә.
– Демек сіз қазақ отбасына келін болуға дайынсыз?
– Негізі мен адамдарды ұлтына немесе түр-келбетіне қарай бөлген дұрыс емес деп ойлаймын.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал пародист Аманғали Сыпабеков үйленді (фото, видео)
Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді
Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді
Меруерт Түсіпбаева намысына тіл тигізген желі оқырманын сотқа бермек (фото)