Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирина Кайратовна Алматыдағы жаңа автоорталық ашты

Алматыда бес брендті ұсынатын жаңа ресми дилерлік автоорталық ашылды. Бұл Қазақстандағы ең үлкен салондардың бірі, оның басты бағыты – көп уақыт талап ететін кезектерді болдырмау. Ол үшін 8,5 мың ш.м. аумақта 200-ден астам маман жұмысқа кірісті.

Мұнда күніне 600 немесе жылына 150 мың азаматқа арналған жаңа арнайы Қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың қызметтеріне құжаттарды қабылдау және жүргізуші куәліктері мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру кіреді.

"Біз Allur-мен бірге клиентке ыңғайлы шарттарда көлік сатып алып, қеректі мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік ашатын экожүйені құрудамыз. Бұл өте тиімді әрі азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді. Бұл Мемлекеттік корпорацияның ресми автосалонмен бір ғимаратта толық ауқымды арнайы қызмет көрсету орталығын ашудағы алғашқы тәжірибеміз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

15 минут – клиенттің бір терезе режимінде Allur Finance серіктес-банктерінің арнайы ұсыныстарын алатын орташа уақыт. Олардың қатарында Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Bereke Bank, ForteBank, Halyk Bank, Freedom Bank және KMF бар. Мысалы, ұсыныстардың арасында 5 жылға дейін бөліп төлеу мен 4% бастап жеңілдікті несие қарастырылған.

"Қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін көрсетуге ұмтылу мақсатында бүгін біз Қазақстан үшін мүлдем жаңа форматтағы дилерлік орталықты аштық. Онда клиентке Hongqi, Kia, Chevrolet, Lada және Jetour сияқты 5 әлемдік брендтердің кең ауқымды үлгілері ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар, барынша мүмкін болатын қызметтер спектрі бар", - деді Allur бөлшек сауда бойынша басқарушы директоры Мұхамед Әлімханов.

Ашылу шарасы open air стилінде өтті, оның барысында бес брендтің әрқайсысы өз елшісін таныстырды. Бейбіт Әлібеков қонақтарды Hongqi көлігінің  сән-салтанатымен таныстырды, Сәкен Қағаров Kia-ның артықшылықтарын айтса, Олжас Оқас Jetour-дің ерекшеліктерімен бөлісті. Бұл арада Марк Диксон Chevrolet-тің әртүрлілігін, ал Мұхамедсұлтан Lada-ның ыңғайлылығын атап өтті. Кештің хэдлайнерлері DJ Abailuck пен "Ирина Кайратовна" тобы болды. 

Автокөлік сатып алуға қатысты мәселелер бойынша кеңес алу үшін Allur баршаңызды Майлин көшесі, 240а мекенжайындағы жаңа дилерлік орталықта күтеді. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: 09:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері: 09:00-ден 19:00-ге дейін. Алдын ала ақпаратты 5588 қысқа нөміріне қоңырау шалу немесе Instagram желісіндегі @allur.kz ресми парақшасынан білуге болады.

 

Талқылау