Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ірі салықтардың бір бөлігін жергілікті бюджетке беру қажет - Сенатор

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанда ірі салықтардың бір бөлігін жергілікті бюджетке беруді ұсынды. Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚР Парламенті Сенаты / видеодан скриншот

Депутат еліміз жаңа экономикалық үлгіге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру қажет деп санайды. 

“Сондықтан бюджетті атқару барысында аймақтық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің қаражатты дербес беру құқын кеңейту ұсынылады”, - деді депутат.

Осыған байланысты Сұлтанбек Мәкежанов бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіруді үшін қолда бар елеулі резервті ескеріп, келесі ірі салықтардың бір бөлігін жергілікті бюджетке беруді ұсынды:

•    Біріншіден, белгілі бір жылдық жиынтық табысы бар белгіленген ірі бизнес субъектілерінен корпоравтивті табыс салығын беруді;

•    Екіншіден, шағын және орта бизнестен өңген қосылған құн салығын беру;

•    Үшіншіден, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтарды және өзге де төлемдерді беруді беру ұсынылады.

Сондай-ақ депутат жергілікті бюджетке қосылған құн салығынан түсетін тәуекелдерді төмендету үшін қосылған құн салығының жергілікті бюджетке қайтаруды республикалық бюджет арқылы көздеуді ұсынды.

Ауылдық, аудандық бюджеттерге байланысты төмендегі ұсыныстарды енгізді:

•    Біріншіден, корпоративті табыс салығының және жеке табыс салығының бір бөлігін аудандық бюджетке беру.

•    Екіншіден, шағын және орта бизнеске өңген қосылған құн салығын және пайдалы қазбаларды өндіруден салынатын салықтарды аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің бюджетеріне беруді;

•    Үшіншіден, облыстық бюджетке әлеуметтік салықты беру сияқты мүмкіндіктерді қарау.

Бұдан басқа, жергілікті жерде қордаланып қалған өзекті мәселелерді шешуді жеделдету үшін жергілікті атқарушы органдарға іс-шараларды қаржыландыруда салықтық жеңілдіктерді ұсыну керектігін айтты. 

“Бүгінде бизнестегі қызметтің басым түрлерін айқындайтын республикалық комиссияның немесе Үкімет шешімі арқылы ұзақ қаралын мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға мәслихат келісімі арқылы шешу құқығын беру ұсынылады”, - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Талқылау