Иранның "ядролық қаупі" жойылғаннан кейін мұнай бағасы төмендейді – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трампнің пікірінше, Иранның “ядролық қаупі” жойылғаннан кейін мұнай бағасы тез төмендейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
“Ираннан төнген ядролық қауіп жойылғаннан кейін мұнайдың бағасы аз уақытта тез төмендейді. АҚШ пен бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін бұл түк емес”, – деп жазды ол.
РИА Новости агенттігінің сауда деректеріне сенсек, Brent мұнайының бір баррелінің бағасы 2022 жылдың шілдесінен бері алғаш рет 110 доллардан асқан.
“Дүйсенбі күні сауда басталған кезде Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстерінің бағасы 110 доллардан жоғары болды”, – делінген хабарламада.
- Мұнай бағасы кейінгі 1,5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
- Таяу Шығыстағы жағдай теңге бағамына әсер ете ме: Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Еске салайық, Қатар билігі Таяу Шығыстағы соғыс мұнай бағасының баррельіне 150 долларға дейін өсетінін ескерткен еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде