Иранның рухани көшбасшысы АҚШ-қа орны толмас залал келтіремін деп қорқытты
Фото: Getty Images
Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи халыққа үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IRNA басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзінің үндеуінде Хаменеи АҚШ Иранмен әскери қақтығысқа кірісетін болса, орны толмас шығынға ұшырайтынын мәлімдеді.
"Иранды, иран халқын және оның тарихын білетін ақылды адамдар ирандықтарға қоқан-лоқы көрсетпейтін еді. Себебі иран халқы ешқашан берілмейді. Америкалықтар мұны түсінуі керек. Кез келген әскери араласу орны толмас шығынға алып келеді", – деді Иранның рухани көшбасшысы.
Израиль премьер-министрі Иранның рухани көсемі Хаменеиді өлтіруден тайынбайтынын айтты
Еске салсақ, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігін толық және шартсыз тізе бүгуге шақырып, ескерту жасады. Трамп АҚШ-тың Иран әуе кеңістігін толық бақылауда ұстап отырғанын және Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің қайда екенін білетінін атап өтті.
Бұған жауап ретінде Иран көшбасшысы Израиль тарапынан ел аумағына жасалған кез келген шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
