Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ираннан көшіп келген оралман өзінің «экстремист емес» екенін дәлелдей алмай жүр

Маңғыстау облыстық көші-қон қызметі «экстремистік я террорлық іс-әрекет» жайлы баптарға сүйеніп, Ираннан көшіп келген Исрафил Багиды елден шығармақ. Билікті сотқа берген оралман негізсіз «күдікті» атанғанын айтады.

оралман

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

2013 жылдың қараша айында тарихи отанына көшіп келген 30 жастағы қазақ Исрафил Багидың отбасы қазір Ақтау қаласындағы оралмандарға арналған орталықта тұрып жатыр. 2014 жылы сәуірде Қазақстан билігі Исрафил Багиге ел аумағында төрт жыл, яғни 2018 жылғы шілде айына дейін тұруына рұқсат беретін ықтиярхат тапсырған. ол 2017 жылдың қаңтарына дейін Жаңаөзен қалалық мешітінде қызмет атқарған. Бірақ, келгеннен бері өзі мен отбасы мүшелеріне азаматтық ала алмай пұшайман болғанын айтады.

“Азаматтық алу үшін құжат тапсырудың өзі біз үшін үлкен қиындық туғызды. Кириллицаны білмеген соң оқи да, жаза да алмаймыз, не қол қоя алмаймыз. Мұндағылардың көбі орысшаны араластырып сөйлейді, оны да ұқпаймыз”, – дейді Баги.

“Атамекенде ұрпағын өсіп-өндіруді армандап келген” оралманға Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының көші-қон қызметі бөлімі «маусымның 30-ына дейін Қазақстаннан өз еркімен шығып кетпесе депортацияланатыны» туралы ескерткен. Көші-қон қызметінің мамырдың 30-ы күні жолдаған хабарламасында Исрафил Багиге Қазақстанда тұрақты тұруына берілген рұқсаттың күші «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 49-бабының 9-1 бөлігі негізінде жойылғаны» жазылған. Заңның ол бабында «ұлттық қауіпсіздік органдарында экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған» жағдайда Қазақстанға көшіп келушілерге ел аумағында тұрақты тұруға рұқсат берілмейтіні не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылатыны айтылған.

Исрафил Баги өзіне не себепті күдікті тұлғаға айналғаны түсініксіз екенін айтады. «Ешқашан террористік я экстремистік ұйымдарға қатысқаным жоқ, заңға мойынсұнатын азамат ретінде өмір сүріп, еңбек еттім» деген оралман елден шығарып жіберсе, балаларының болашағы не боларын ойлап уайымдайды.

“Ирандағы Қазақстан консулдығы Қазақстанда осындай қағаз талап етеді деген соң Горган қоғамдық соты мен прокуратурасынан әйеліміз екеуміздің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанымыз туралы анықтама да әкеліп тапсырғанбыз. Егер экстремистік немесе террорлық топқа қатысым болса мұндай анықтама бермек түгілі мені ол жерде тірі қоймас еді. Қазақстан заңдарын да бұзғаным жоқ, мешіттегі жұмысымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының талап-ережелерін орындадым”, – дейді оралман.

Жергілікті көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, Маңғыстау облысында 2016 жылы 4535 адам, ал биылғы жылдың басынан бері 3524 адам Қазақстан азаматтығын алған. Олардың басым көпшілігі – Түркіменстан мен Өзбекстаннан келгендер.

Оқи отырыңыз:

Батыстық тілші Астананы “айдаладағы елорда” деп ЭКСПО-ны сынап тастады

Астанадағы шектен тыс ыстық ауа-райына байланысты көшелерде тегін су таратылып жатыр

Туған қаласына сыйлық: Бағдат Мусин өз ақшасына Екібастұзда мектеп ашып берді

Шартты мерзім: Теміртауда 15 жастағы қызды зорлап, жыныстық ауру жұқтырып кеткен

Талқылау