AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ираннан келген туроператорлар өз азаматтары үшін Маңғыстау облысына турлар ұйымдастыруда

Бүгін, 28 шілдеде "Rixos Water World Aktau" қонақ үйінде жиын өтті, онда Маңғыстау облысында туризмді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан мен Иран Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, оның ішінде бірлескен туризмді дамыту мақсатында іс-шараға Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Хабиболла Малакути Фар және Иран Ислам Республикасының бір топ туроператорлары қатысты.

Нұрлан Ноғаев

Жиында сөз алған аймақ басшысы Маңғыстау облысы шетелден келген туристерді қарсы алуға әрдайым дайын екенін жеткізді. 

- Маңғыстау облысының бай мәдени-тарихи мұрасы бар.  Мұнда орналасқан табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштер Маңғыстау түбегіне бірегейлік беріп, жергілікті тұрғындар мен туристердің мәдени құндылықтарын қалыптастыруда ерекше әсер береді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев "Жаңа Қазақстан-жаңғыру және Жаңару жолы" аясында елімізде болып жатқан жаңа өзгерістер таяу жылдары Қазақстандағы экономикалық өсудің жаңа қозғалтқышына айналатынын және бүгінгі кездесу екі ел арасындағы туризм саласын одан әрі дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі кездесудің барлық қатысушыларына, ұйымдастырушылары мен қонақтарына табысты жұмыс, тиімді өзара ынтымақтастық, берік серіктестік байланыстар, амандық және белгіленген жоспарлардың табысты жүзеге асуын тілеймін, - деді Нұрлан Ноғаев.

Соңғы 3 айда өңірге 55 мыңнан астам турист келген. Маңғыстау табиғаты тарихи орындармен, таулы аймақтармен, теңіз жағалауымен ерекшеленеді.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Данияр Өтешовтың айтуынша, Иранның туристік агенттіктерінің өкілдерімен кездесудегі мақсат – өңірді таныстыру, сондай-ақ Маңғыстауға көптеген шетелдік туристерді тарту. 

Иран азаматтары үшін визасыз режим енгізу - Қазақстан мен Иран Республикасы арасындағы туризмді дамытудың маңызды факторы болып саналады. 

Иран туроператорларының айтуынша, Маңғыстау жеріне бастапқыда 10 мыңнан астам турист келуге мүмкіндік бар. 

- Біз авиарейстерді аптасына екі рет, одан кейін күніне бір рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біз ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз және оның жемісті болатынына сенімдіміз. Әзірге біздің елімізден Қазақстанға келетін туристердің нақты санын анықтау мүмкін емес. Бірақ бұл көрсеткіш бастапқыда жылына 10 000 туристке дейін жетеді деп ойлаймыз. Біз қазақ халқының қонақжайлылығына өте ризамыз. Маңғыстау жерінің табиғаты ерекше. Иран туристері тарихи жерлерде, теңіз жағалауларында демалғанды жақсы көреді", - деді Ираннан келген туристік агенттіктің директоры Вахид Хейдари.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр