Ирандық жанкүйерлер Криштиану Роналду тұрып жатқан қонақүйге "шабуыл жасады" (видео)
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасы матчы алдында жағымсыз жағдайға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
38 жастағы шабуылшы тұрып жатқан қонақ үйді ирандық жанкүйерлер тобы қоршауға алды.
"Үш мың ирандық жанкүйер Сауд Арабиясы Әл-Наср командасының шабуылшысы Криштиану Роналды тұрған қонақүйге келді! Жанкүйерлер тоқтаусыз "Роналду" деп ұрандатуда", - делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күзетшілер Роналдуды өз нөміріне қайта апаруға мәжбүр болған.
Роналдудың "Әл-Наср" командасы ертең (19 қыркүйек) Азия чемпиондар лигасының алғашқы ойынын өткізеді. Тегеранда саудиялық клуб "Персеполиспен" кездеседі.
🚨3 thousands of Iranian fans were present in front of the @AlNassrFC Hotel building to welcome #Ronaldo in Tehran!!!!.
— Raskobe (@_KMrzg) September 18, 2023
Iranian fans chanting outside the hotel: Ronaldo...Ronaldo 🤯pic.twitter.com/CkeV7bYekV