Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирандағы жер сілкінісінен 300-дей адам жарақат алып, екі адам көз жұмды

Иранда 5,9 баллдық жер сілкінісі салдарынан 300-ден астам адам жарақат алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Irna сайтына сілтеме жасап.

иран жер сілкінісі

Жер сілкінісі Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан провинциясының Хой қаласында 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:44 шамасында (Астана бойынша 29 қаңтар 1:14) болды.

Тегеран сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің кұшті болғаны соншалық – Батыс Әзірбайжан велаятының көптеген аудандарында сезіліп, тұрғындарды алаңдатты.

Ол сондай-ақ бірнеше қалаларда, соның ішінде провинцияның астанасы Тебризде, көршілес Шығыс Әзірбайжан провинциясында сезілді.

Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісі Түркияда, Иракта, Арменияда және Әзірбайжан Республикасында да сезілді.

Естеріңізге салсақ, 29 қаңтарда таңертең Иранда стратегиялық нысандарда бірқатар жарылыстар болғаны хабарланды.

Талқылау