Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда жасөспірімді зорлады деген айыппен 19 жастағы гейді өлім жазасына кесті

Хассан Афшарды өлім жазасына кесу жабық түрде өтті. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы айыпталушыға екі ай бойы адвокат тағайындалмағанын айтады.

kazn-1100x530

Сурет:politeka.net 

Тергеу мәліметінше, жас жігіт қылмысты 17 жасында жасаған. Афшардың өзі кінәсін мойындамай, жыныстық қатынастың екі жақтың келісімімен болғанын айтып ақталған. Оның айтуынша, оның серіктесі бұрын да бір жынысты қатынаста болған екен.

Иранда гомосексуалды қатынастар қылмыстық істерге жатады. Йемень, Сауд Арабиясы, Мавритания, Нигерия, Судан, Сомали елдерінде де мұндай қатынас үшін өлім жазасы кесіледі. Елде ЛГБТ бірлестігіне де тыйым салынады.

Жіберіп алмаңыз:

Сауд Арабиясында 14 адамды тәртіпсіздігі үшін өлім жазасына кесті

Белоруссияда жұмыстас 2 қызды зорлаған маньякты өлім жазасына кесті

Қытайда 7 адам өлтірген күтуші әйел өлім жазасына кесілді

Талқылау