Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда тәнін көрсетіп селфиге түскен спортшы қыз қамауға алынды

Бодибилдермен айналысатын ирандық қызы спортзалда түскен суретін әлеуметтік желіде жариялағаны үшін тұтқынға алынды.

08c166ce-f3a7-4c39-bd20-71214f839b3d

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

“Әйелдің бұлшық еттерін көрсетіп түскен жалаңаш суретін мемлекет басшылығы заң бұзушылық деп санады. Спортшы 2 миллион риал кепіл ақы төлей алмағандықтан түрмеде отыр”, – деп жазады шетелдік басылым.

Спортшының нақты кім екені белгісіз. Алайда дерек көздерінің хабарлауынша, ол ел атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрген Ширин Нобахари.

Спортшы өткен жылдың қыркүйегінде өз еліне оралғаннан кейін, ел билігі оған “жалаңаш” селфи жасауға болмайтынын ескерткен еді.

Иранда басын бүркемеген, денесін ашық көрсеткен (аяғы мен қолын да) әйел “жалаңаш” болып саналады.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда мектеп директоры мен үш мұғалім 12 жастағы қызды асқан қатыгездікпен зорлаған

7 жасар қырғыз баласы бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейді

Әуе апаты: дәретханаға кеткен бала аман қалды, ал отбасы күлге айналды

13 жастағы оқушысынан жүкті болған мұғалім он жылға сотталды

Талқылау