Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирандағы президент сайлауына тарихта алғаш рет әйел үміткер тіркелді

Ирандағы президент сайлауына тарихта алғаш рет әйел үміткер тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: AP Photo/Vahid Salemi

Зохре Элахиан Иран президенті Эбрахим Раиси ұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін өтетін кезектен тыс президент сайлауына тіркелген алғашқы әйел болды.

Жаңа президент сайлауы, Иран конституциясына сәйкес, президент қайтыс болған немесе әрекетке қабілетсіз деп жарияланып, оның міндеттері бірінші вице-президентке тапсырылғаннан кейін 50 күн ішінде өтуі тиіс. Бұл қызметті қазір Мохаммад Мохбер атқарады.

Бекітілген сайлау күнтізбесіне сәйкес кандидаттарды тіркеу 30 мамыр мен 3 маусым аралығында, кандидаттардың талаптарға сәйкестігін тексеру 4-10 маусым аралығында жүргізіледі. Үміткерлердің аты-жөнінің түпкілікті тізімі 11 маусымда жарияланады.

Президент сайлауы 28 маусымда өтеді деп жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Талқылау